07 қаз, 2020 сағат 12:10

2020 жылдың қыркүйегі тарихтағы ең жылысы болды

Еуропадағы Copernicus Climate Change Service (CCCS) спутниктік бақылау жүргізу обсерваториясы осы жылдың қыркүйек айын метеобақылау жүргізілудің бүкіл тарихында ғаламшар және Еуропадағы ең жылы қыркүйек айы деп атады. Бұл туралы 7 қазанда обсерваторияның сайтында жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Осы ай ең жылы болып саналған 2019 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 0,05 градус жылы болды. 

Көптеген аймақта ауаның температурасы орташадан айтарлықтай жоғары болған. Бұл өңірлерге тек Тынық мұхитының шығыс тропиктік бөлігіндегі Ла-Ниньяның салқын ауасы ғана жатқызылмайды», - деп хабарлады мамандар.