25 сәу, 2018 сағат 15:40

2018 жылы ҰБТ-да қандай өзгеріс болады?

Қазiргi таңда 200-ге жуық оқушы ҰБТ-ны ағылшын тiлiнде тапсыруға ниет бiлдiрген. Бiз биыл олардың саны көбейедi деп ойлап отырмыз. Халық алдында есеп берген ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев осылай айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Ұлттық бiрыңғай тестiлеу туралы айтатын болсақ, биылғы жылы ҰБТ тапсыру ережесi өзгерген жоқ. Алайда, тест тапсыратындар үшiн шамалы өзгерiстер енгiзiлдi. Ұлттық бiрыңғай тестiлеу 5 пәннен тұратын болады. Оның үшеуi мiндеттi пән болса, екеуi таңдау бойынша пәндер. Бүгiнгi таңда екi жыл iшiнде тестiк тапсырмалар базасы 50 пайызға жаңартылған. Сондай-ақ, ҰБТ-ны ағылшын тiлiнде тапсыру мүмкiндiгi берiледi. Қазiргi таңда 200-ге жуық бала (ағылшын тiлiнде тапсыруға -авт.) ниет бiлдiрген. Бiз биыл олардың саны одан да көп болады деп ойлап отырмыз», - дедi Ерлан Сағадиев.

Сондай-ақ, министр орта бiлiм беру жүйесiне де тоқталды. Оның айтуынша, қазiргi таңда елiмiздiң 4 мыңнан астам мектебiнде «Күнделiк.кз» электрондық күнделiгi енгiзiлген.

Сонымен қатар, 600 мектепте «Бiлiм ал» және «Мектеп» компанияларының электрондық журналдары пайдаланылады. Шамамен 3,5 миллион пайдаланушы, 200 мыңнан астам мұғалiм, 1,5 миллион ата-ана электрондық құжаттарды күнделiктi қолданып отыр.