01 қаз, 2024 сағат 17:05

20 мың теңге дивиденд: желіде саясаткер Санжар Боқаевтың атынан дипфейк таралып жатыр

Фото: pexels.com

Facebook-те тараған видеода белгілі саясаткер Санжар Боқаев үкіметтің жаңа жарлығы туралы мәлімдейді. Құжатта еліміздің әрбір тұрғыны уран өндірілетін жаңа кен орындарынан 200 мың теңгеден дивиденд ала алады. Ол үшін kaspi.kz сайтына тіркелу керек екен. Бұл – дипфейк. Бұл туралы Stopfake.kz хабарлады.

Фактчекерлердің айтуынша, алаяқтар қоғам қайраткері Санжар Боқаев әлеуметтік желілерде жариялаған роликтердің түпнұсқасын пайдаланған. Жасанды интеллектінің көмегімен оны үстінен жалған дауыспен дыбыстаған.

"ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми порталында қазақстандықтарға төленетін уран кен орындарынан түскен пайда туралы жарлық та, жаңалық та жоқ.
Мұндай төлемдер туралы хабарламалар ҚР Үкіметінің ресми сайтында да жоқ. Әрбір қазақстандыққа төленетін 200 мың теңге мөлшеріндегі дивидендтер туралы ақпарат Kaspi Bank-тің ресми сайтында да жоқ", - дейді басылым тілшілері.


Роликте көрсетілген сілтеме осы алаяқтық істі жүзеге асыру үшін әдейі жасалған сайтқа апарады. Оның басты міндеті – пайдаланушының жеке деректерін ұрлау.

Журналистердің ескертуіне қарағанда, бұл хабарламаға сенбеген жөн. Санжар Бокаев көрсетілген видео – дипфейк. Барлық қазақстандықтарға уран кен орындарынан дивидендтер төленетіні туралы жарлық – жалған.