10 қыр, 2021 сағат 13:20

1°C болады: синоптиктер күн суытатынын хабарлады



Қазгидромет 11-13 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".


Болжамға сәйкес, апта соңында елдің солтүстігі, солтүстік-батысы, орталығы, шығысы және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында екпінді жел болып, оңтүстік-шығысы және шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.


12 қыркүйектен бастап Қазақстан аумағында суық басталады. Жауын-шашын жаумайды, алайда батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, орталық пен шығыста ауа температурасы минисқа дейін түседі.


Республиканың батысында ауа температурасы түнде 1°C аяз бен 12°C жылы болады. Күндіз +15...+27°C-тан +20...+30°C-қа дейін көтеріледі.


Солтүстік-батыста ауа температурасы түнде +3...+13°C-тан 3°C аязға дейін төмендейді. Күндіз +12...+23°C жылы болады.


Солтүстікте және орталықта ауа температурасы түнде +3...+13°C-тан плюс 3°C және 5°C-қа дейін түседі. Күндіз +10...+20°C жылы болады.


Шығыста +5...+13°C жылудан 1°C...+10°C-қа дейін төмендейді, күндіз +17...+25°C-тан +10...+20°C-қа түседі.


Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде +4...+15°C, күндіз +19...+28°C болады.


Мегаполистегі ауа райы


Алматыда 11-13 қыркүйекте күн ашық, ауа температурасы +14...+25°C аралығында болады.


Нұр-Сұлтан қаласында 11-12 қыркүйекте күн бұлтты болады, жаңбыр жауады. 13 қыркүйекте күн бұлтты болады. Ауа температурасы +4°C-қа дейін төмендейді.


Шымкентте 11-13 қыркүйекте күн ашық, ауа температурасы +12...+29°C-ты көрсетеді.