15 мам, 2020 сағат 15:31

18 мамырдан елордада жұмысын бастайтын нысандар белгілі болды

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пралиева 18 мамырдан елордада жұмысы жанданатын нысандар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«18 мамырдан қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысына рұқсат етіледі. Бұл ретте 50 орынға дейінгі жобалық көлемдегі дәмханалар, мейрамханалар қамтылады, сондай-ақ даладағы жазғы дәмханалар ескеріледі. Мұнымен қоса, балабақшалардағы кезекші топтардың, жеке сабақтар үшін балалардың коррекциялық кабинеттерінің жұмысы қарастырылған», - деді Д. Пралиева онлайн баспасөз мәслихатында. 

Оның сөзіне қарағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашу қарастырылып жатыр. 

Жанна Пралиеваның атап өтуінше, коронавирустың таралуының деңгейі бес пайыздан аспайтын көрсеткіште сақталса ғана аталған нысандар жұмысын бастай алады.