18 сәу, 2020 сағат 14:21

13 жастағы бала коронавирустан емделіп шықты - Алматы

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының коронавирустан жазылып шыққандар туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның ішінде 13 жастағы бала бар. 

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жазылып шыққан 10 адамның 6-ы Ыстанбұлдан келген. 2-і Дубайдан, 1 адам Минск қаласынан, 1 адам Италиядан келген. 1 әйел - Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкері, тағы 1 адам - науқастармен байланыста болған 13 жастағы қыз бала», - деді қалалық басқармадан. 

Шыққан пациенттердің барлығы 14 күндік карантинге жатқызылды. 

Жалпы алғанда Алматыда 84 адам коронавирустан емделіп шыққан.