Алдағы 13-15 қазан аралығында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райын әкелген антициклон әсер етеді.
Ал еліміздің солтүстік және шығыс өңірлеріне Солтүстік циклон әсер етеді, оның ықпалымен кейде аздаған жауын-шашын жауады.
Жалпы, республика бойынша ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.
Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл соғады.