«Қазгидромет» 10-11 қараша күндері Қазақстанның 12 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
10-11 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ, екпіні секундына 15- 20 метржел тұрады, боран соғады.
10-11 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге күшейеді.
10 қарашада Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 16 метрге күшейеді.
Атырау облысында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні секнудына 15-20 метрге күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің секундына 15-20 метрге күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.
Жауын-шашынның түсуіне және қатқақ болуына байланысты көктайғақ орын алады. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары, сондай-ақ көше жарақаттары: соғылу, шығып кету және сыну қатерлері ұлғаяды.