Қазгидромет 11 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ведомствоның мәліметінше, республиканың басым бөлігінде оңтүстік циклонның әсерінен құбылмалы ауа райы сақталады.
Найзағай жарқылдайды, ел өңіірінің орталық, солтүстік-батыс және шығысында қатты жаңбыр жауады. Тек оңтүстік-батыста және оңтүстікте күн ашық болады. Республика бойынша кей жерлерде дауыл тұрып, бұршақ жауады, желдің күшеюі ықтимал, оңтүстік және оңтүстік батыста шаңды дауыл тұрады.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі, желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с.
Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, екпіні 23-28 м/с.
Жамбыл облысының кей жерлерінде – шаңды дауыл, Алматы облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, шаңды дауыл соғады.
Павлодар облысының кей жерлерінде бұршақ, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұршақ , желдің күші 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі.
Күндіз Ақмола, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді,
Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады.
Күндіз Атырау облысында аптап ыстық сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі бар.