Қазақстанның 10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.
14-15 шілде аралығында жаңбыр болжамына, кей жерлерде қарқынды күтілуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі.
14 шілдеде Алматы облысының кей жерлерінде найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. Кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
14 шілдеде күндіз, 15-16 шілдеде тәулік ішінде Қызылорда облысындасолтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі. 14-16 шілдеде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
14 шілдеде Ақмола облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
14 шілде күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
14 шілдеде Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
14 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.
14 шілдеде Қарағанды облысының кей желерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік батысқа ауысады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерінде өте жоғары өрт кауіпі сақталады.
14-15 шілдеде Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Тәулік бойы 14, түнде 15 шілдеде кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, 14-15 шілдеде кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.
14 шілдеде Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.
14 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Оңтүстік-батыста өте жоғары өрт қауіпі сақталады.