09 мау, 2020 сағат 18:39

10 айлық сәби коронавирустан емделіп шықты – Түркістан облысы

Түркістан облысында дәрігерлер COVID-19 жұқтырған он айлық сәби емделіп шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, жасқа толмаған сәби вирусты науқас адамнан жұқтырған. 

Қазір сәби COVID-19 инфекциясынан емін толығымен аяқтап, талдамасының «теріс» болуына байланысты «облыстық фтизиопульмонология орталығында» туберкулезге қарсы емін жалғастыруда. 

«Өкпе ауруына шалдыққан азаматтар онсыз да әлсіз келеді. Науқастарды барынша Сovid-19 инфекциясынан қорғауға тырысамыз. Барлық сақтық шаралары қамтамасыз етілген. Ауруханада тіпті коронавирусты ерте анықтау мақсатында арнайы вирусологиялық зертхана қызмет көрсетеді. Зертхана соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықталған. Мамандарымыз оны жақсы меңгеріп, халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыруға өз үлестерін қосуда», - дейді облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері Болатхан Сағымбеков.