09 жел, 2020 сағат 13:52

10-12 желтоқсан аралығында ауа температурасы төмендеп, аяз күшейеді

10-12 желтоқсан аралығында қар жауып, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашын біртіндеп тоқтайды және ел аумағында ауа температурасы төмендейді. 

Тек Қазақстанның солтүстігі мен шығысында қар жауады. 

Шығыста онкүндіктің басында қатты қар жауып, жел күшейеді және боран соғады. 

Кей жерлерде тұман және көктайғақ байқалады.