01 там, 2025 сағат 09:36

1 тамызға арналған ауа райы болжамы

Фото: ашық дереккөз

Бүгін, 1 тамызда Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі. Қазгидрометтің мәліметінше, найзағай, бұршақ, дауыл және жел екпіні күшейіп, кейбір облыстарда қатты ыстық пен өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Ult.kz.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында күндіз найзағай, бұршақ, қатты жаңбыр және дауыл күтіледі. Кей өңірлерде түнде тұман түседі. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.

Қызылорда облысында күндіз қатты жаңбыр жауып, бұршақ пен шаңды дауыл күтіледі. Желдің жылдамдығы 20 м/с-қа жетуі ықтимал. Қызылорда қаласында да түнде және таңертең найзағай, дауыл мен шаңды дауыл болады.

Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарының таулы және оңтүстік аудандарында найзағай, бұршақ және қатты жел болады. Алматы мен Атырау облыстарында күн 35–38°С-қа дейін ысиды. Ақтау мен Қонаев қалаларында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында аптап ыстық күтіледі. Температура 36–38 градусқа дейін көтеріледі.

Астана, Шымкент, Тараз, Түркістан, Петропавл, Көкшетау, Қарағанды, Павлодар, Өскемен және Семей қалаларында бұршақ пен найзағай болу ықтималдығы жоғары. Жел екпіні 15–23 м/с-қа жетуі мүмкін.

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының құбылмалы болуына байланысты сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.