30 мамырда Біріккен Араб Әмірліктерінен Талдықорғанға ұшып келіп, Қапшағай маңында карантинге жатқызылған 171 жолаушының барлығының вирусологиялық зерттеу нәтижесі таза болып шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Олар бүгін әкімдік тарапынан ұйымдастырылған арнайы автобустармен үйлеріне таратылды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Талдықорғанға БАӘ-нен 137 жолаушысы бар ұшақ қонып, жолаушылар екі күндік карантиннен соң тұрғылықты мекенжайына қайтқан болатын. Олардың да барлығының анализі теріс нәтиже көрсетті.