09 шіл, 2021 сағат 13:14

Жарты жылда 3 судья мен 7 әкімнің жемқорлық әрекеті әшкереленген


2021 жылдың 6 айында жемқорлық фактісі бойынша 658 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оның 61-і – республикалық және облыстық деңгейдегі басшылар, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов ве до мствоның алқа мәжілісінде осындай деректер келтірді. 

«Статистика сыбайлас жемқорлық қылмыстарын тіркеудің 35%-ға немесе1540-тан 1005-ке дейін төмендегенін көрсетеді. Сонымен қатар, жылдың 6 айында 658 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың 61-і республикалық және облыстық деңгейдегі басшы және вице-министр, 3 судья. 7 өңірлік әкім мен олардың орынбасарлары әшкереленді», - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы. 

Оның сөзіне қарағанда, аталған әрекеттерден келген залалдың 15 млрд теңгесі қазынаға қайтарылған. 

Марат Ахметжанов 6 айдың ішінде бизнестің жұмысына орынсыз килігудің 60 жағдайы, көлеңкелі экономика субъектілеріне қамқорлық жасаудың 45 фактісі, жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 61 фактісі тіркелген.