09 шіл, 2021 сағат 14:49

Жаңаөзенде алаяқ тұрғындарға несие алдырмақ болған


Жаңаөзенде алаяқ тұрғындарға несие алдырмақ болған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қаскүнем ұсталды, ол тергеуде. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Жаңаөзен полиция басқармасына бір әйел өтініш білдіріп, Мұнайлы ауданының 25 жастағы тұрғыны несие алуға көмектесуге уәде бергенін айтты. Қызмет үшін ол 150 мың теңге сұрады» делінген хабарламада. 

Дегенмен алаяқ арам ойын жүзеге асырып, тұрғыннан ақшаны алғаннан кейін тайып тұрған. Анықталғандай алаяқ келіншек, бұған дейін 2019 жылдың қазан айында Жаңаөзен қаласының 23 жастағы тұрғынынан 150 мың теңге ақша алған. 

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді. Аталған қылмыстық істер бойынша тергеу жалғасуда және кінәлілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешім олардың нәтижелері бойынша қабылданатын болады», - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.