09 шіл, 2021 сағат 13:29

Сайрам ауданында бойжеткен есірткімен ұсталды


Сайрам ауданында синтетикалық есірткіні сақтады деген күдікпен жас қыз ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына белгісіз тұлғадан есірткіге байланысты хабарлама келіп түседі. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сайрам ауданы ауылдарының бірінде жол бойында күдікті жас қыз ұсталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. 

Тексеру кезінде бойжеткеннің қол сөмкесінен пакетке оралған ішінде есірткіге ұқсас заты бар 6 дана орама табылды. Болған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша СДТБТ-ға тіркелді.


Полицейлер тәркіленген айғақты затты сараптамаға жолдады. Оның қорытындысы бойынша заттың жалпы салмағы 3 грамнан асатын «синтетикалық есірткі» екені анықталды.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысы оқиғаның толық мән-жайын анықтайтын болады.