Орал тұрғыны мемлекетке 360 млн теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Орал тұрғынының шот-фактура жазып, заңсыз әрекеттер жасағанын анықтады.
Күдікті кәсіпорынның сауықтыруды басқарушысы бола отырып, ЖШС атынан бірқатар компаниялармен жалған мәміле жасасқан.
Ол тауарлар, қызметтер мен олардың көлемі туралы жазып берілген шот-фактурада жалған мәліметтерді көрсеткен.
Мемлекетке келген залал сомасы - 360 млн теңгеден астам.
Сот Орал қаласы тұрғынын ҚК 216-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.