27 нау, 2026 сағат 14:42

“Наурыз – мұсылмандарға жарамайды” деген ер адам ұсталды


Фото: gov.kz


Алматы облысында әлеуметтік желіде қазақтарда Наурыз мейрамы болмағанын, мұсылмандар оны тойлай алмайтынын айтып видео жариялаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Ult.kz.


Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 1991 жылы туған азаматқа қатысты діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Видео авторы TikTok-та:


“Қазақта ешқашан ондай мейрам болмаған. Наурыз – парсылардан келген. Егер мұсылманмын десең, бұл мерекелерді тойлауға болмайды” – деп айтқан.



Жедел іс-шаралар нәтижесінде азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, өзге ақпарат жария етілмейді.


Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 174-бабы 2-бөлігіне сәйкес, діни алауыздықты қоздыру қоғамдық пікір көшбасшысы тарапынан жасалған жағдайда 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғуы мүмкін.