27 нау, 2026 сағат 14:23

Астанада баланың өлімі: дәрігер амнистиямен жазасыз қалды


Фото: ашық дереккөз


Астанада 2024 жылы 25 шілдеде жоспарлы операция кезінде кәмелетке толмаған баланың өліміне себепкер болды деп айыпталған анестезиолог дәрігерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды қалалық сот.


Бала "созылмалы полипозды полисинусит" диагнозымен аурухананың оториноларингология бөліміне жатқызылған. 29 шілдедегі эндоскопиялық синусотомия операциясы барысында анестезиолог медициналық көмекті көрсету кезінде қате жіберген. Эндотрахеалдық интубациялық түтіктің герметикалығы бұзылып, қан тыныс жолдарына кеткен, нәтижесінде баланың жағдайы асқынып, көз жұмған.


Сотталушы кінәсін мойындамағанымен, сот оны кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығынан айыру және 3 жылға медициналық қызмет көрсетуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасын тағайындаған.


Алайда, Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай қабылданған амнистия бойынша негізгі жазадан босатылды.


Дәрігер тек қосымша жазаны өтеуге міндеттелді, ал жәбірленушілер сот үкімін қатаңдатуды талап еткен еді.