27 нау, 2026 сағат 17:54

Қазақстанның тұңғыш әйел фармакологы Раиса Күзденбаева өмірден өтті

Фото: ашық дереккөз

Көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның тұңғыш әйел фармакологы Раиса Күзденбаева 83 жасында дүние салды, деп хабарлайды Ult.kz.

Ол 4 монографияның, 500-ден астам ғылыми еңбектің авторы. «Құрмет» ордені, «Еңбек ардагері» мемлекеттік медалі, Ғылым саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты сынды жоғары дәрежелі марапаттармен наградталған. 

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұжымы атынан марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтамыз.