26 нау, 2026 сағат 16:27

Алматыда жүк көліктерін заңсыз тіркеген ХҚКО қызметкерлері сотталды

Фото: Zakon.kz

Алматыда Арнайы ХҚКО-ның бірнеше қызметкері жүк көліктерін заңсыз тіркегені үшін сотталды, деп хабарлайды Ult.kz.

Арнайы прокурорлар жүргізген тергеу барысында 2023 жылы аталған мекеменің 5 қызметкері 18 жүк көлігін жалған құжаттар арқылы тіркеп, олардың нақты шығарылған жылын әдейі бұрмалағаны анықталған.

Заңсыз әрекеттер салдарынан көлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде төленуі тиіс 164 млн теңге көлеміндегі алым мемлекеттік бюджетке түспеген.

Тергеу кезінде жүргізілген кешенді сараптамалар мен дәлелдер айыпталушылардың кінәсін толық растады. Сонымен қатар сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген шығын толық өтелген.

Сот үкімімен айыпталушылар кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.