26 нау, 2026 сағат 11:17

Павлодарда 34 млн теңгеден астам қарызы бар көлік тоқтатылды

Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысында қарызы бар тұлғаларды анықтау мақсатында жүргізілген рейд барысында ірі берешегі бар автокөлік тоқтатылды, деп хабарлайды Ult.kz.

"Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында патрульдік полиция, прокуратура және сот орындаушылары бірлесіп тексеру жүргізген. Нәтижесінде Cadillac Escalade көлігі анықталып, тоқтатылды.

Тексеру барысында аталған көлік тиесілі ұйымның 34 миллион теңгеден астам берешегі бар екені белгілі болды. Осыған байланысты жеке сот орындаушысының қаулысы негізінде автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция өкілдері мұндай шаралар әкімшілік қаулылардың орындалуын қамтамасыз ету және берешектерді өндіру мақсатында жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ азаматтарға айыппұлдар мен өзге де қарыздарды уақытында төлеу қажеттігі ескертілді.