Фото: istockphoto.com
Жамбыл облысында Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі Р. екі адамның өліміне әкеп соққан жол апаты үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Ult.kz.
2025 жылғы 27 шілдеде Мойынқұм ауданындағы "Алматы–Екатеринбург" тасжолында "Toyota Land Cruiser" рөлін басқара алмаған Р. қарсы бетке шығып, көлік аударылған. Салдарынан екі жолаушы, сотталушының досы мен әпкесінің жұбайы ауыр жарақаттан көз жұмды. Өзі ауруханаға жатқызылды.
Сотталушының кінәсі айғақтар мен сараптамалар арқылы дәлелденді. Сот әйелге 7 жыл автокөлік жүргізу құқығынан айыру және 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда Қылмыстық кодекстің 74-бабына сәйкес, жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды. Сотталушының кінәсін мойындамауы мен жәбірленушілердің кешіруі де ескерілген.
Р. төрт баланың анасы 2 жастан 9 жасқа дейінгі төрт кішкентай бала осы қайғылы оқиғаға куә болды.
