26 нау, 2026 сағат 16:26

Әл-Фараби даңғылында қайғылы оқиға: жолды кесіп өтпек болған әйелді көлік қағып, мерт болды


Фото: Бейнежазбадан


Алматыда әйел адам жолдан өтемін деп көлік астына түсіп, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Ult.kz.


Қайғылы жағдай Әл-Фараби даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында болған. Алматы қалалық полициясының мәліметінше, Mitsubishi Delica көлігінің жүргізушісі шығыс бағытта келе жатып, жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен.


Зардап шеккен әйел адам жедел жәрдем жеткенге дейін сол жерде қайтыс болған. Аталған факті бойынша қазір тергеу жұмыстары басталды.