Елімізде бір апта ішінде 3016 қылмыс жасалды, оның 2001-і тәулік ішінде ашылды. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрлігі өткізген тікелей эфирде айтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 14 кісі өлтіру, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 33 тонау және 463 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
Еске сала кетсек, өткен аптада полиция қызметкерлері «ізін суытпай» кісі өлтірудің - 8, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің -3, қарақшылықтың - 3, тонаудың - 20 және бөтен мүлікті ұрлаудың - 488 фактісін ашқан болатын.