31 нау, 2026 сағат 13:24

Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді

Фото: ашық дереккөз

ТЖМ сейсмикалық станциялар желісі 31 наурызда сағат 11:11-де жер сілкінісін тіркеген, деп хабарлайды Ult.kz.

"Эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым қашықта орналасқан. Тереңдігі - 10 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.7. Магнитудасы MPV - 5.4", - деп жазылған хабарламада.


Жер сілкінісі былай сезілген:

  • - Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы - 2 балл;
  • - Жетісу облысы Текелі қаласы - 2 балл;
  • - Жетісу облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы - 2 балл.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет тіркелмеген, тұрғындардан 112 нөміріне қоңырау түспеген.