31 нау, 2026 сағат 12:48

Алматыда пойыз бен маршрутка соқтығысты: 6 адам зардап шекті

 

Фото: Instagram/police_almobl


Алматыдағы «Алматы – Боралдай – Шамалған» автожолындағы теміржол өткелінде жол апаты орын алды, деп хабарлайды Ult.kz.

 

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, көмір станциясынан шыққан пойыз теміржол өткелінен қозғалып келе жатқан кезде маршруттық автобустың жүргізушісі пойызға жол бермеген.

 

Қазіргі уақытта апат бойынша тергеу жүргізілуде. Жол апатынан 6 адам зардап шеккенімен, Денсаулық сақтау басқармасы олардың өміріне қауіп жоқ екенін хабарлады.

 

"Зардап шеккендер Іле ауданының орталық аудандық ауруханасы мен Боралдай кентінің аудандық ауруханасына жеткізілді. Қажетті тексерулерден кейін олар амбулаториялық емдеуге жіберіледі", – делінген хабарламада.