Фото: ашық дереккөз
Алматыдағы Сайран көлі жағалауында орнатылған «Бірлік» арт-нысаны қысқа уақыт ішінде халықаралық медианың назарын аударды, деп хабарлайды Ult.kz.
Қала тұрғындарының бірігіп, итті құтқарған сәтіне арнап жасалған мүсін әлемнің 30-дан астам елінде кеңінен таралған. Бір апта ішінде CBS, BBC Arabic, The Times of India, La Repubblica сынды ірі халықаралық ақпарат құралдарында жүзден астам материал жарияланған.
Жалпы жаңалықтың қамтуы 500 миллионнан астам аудиторияға жеткен. Ескерткішке арналған бейнероликтер ондаған миллион қаралым жинап, ал әлемдегі ең ірі пабликтердің бірі Pubity парақшасындағы жазба 40 миллионнан астам оқырманның қызығушылығын тудырған.
Әлемнің әр түкпірінен – Бразилиядан Вьетнамға дейінгі қолданушылар Алматыны адамгершіліктің үлгісі ретінде атап, бұл мүсінді «дұрыс құндылықтарды дәріптейтін қоғамның символы» деп бағалауда.
