01 сәу, 2026 сағат 11:50

Атырауда мектеп түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады


Фото: Атырау білім басқармасы


Атырауда мектеп түлегі Жазира Кеңесова наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуде барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, ең жоғары 140 балл жинады, деп хабарлайды Ult.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.


Дарынды оқушы Атырау қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық мамандандырылған гимназияның 11-сыныбында оқиды. Оқу орнының мәліметінше, Жазира қаңтар айындағы ҰБТ-да 138 балл жинаған болса, наурыздағы тестілеуде нәтижесін 140 баллға жеткізген.


Ол емтиханға тек мектеп бағдарламасымен ғана емес, қосымша дайындық курстары арқылы да дайындалған. Сонымен қатар гимназиядағы белсенді оқушылардың бірі әрі «Парасат» дебат клубының президенті.


Жазира қазақ тілі мен әдебиетіне ерекше қызығушылық танытады. Осы пәндер комбинациясын таңдаған түлек болашақта филология саласын меңгеруді жоспарлап отыр.


Айта кетейік, бұған дейін Семей қаласының оқушысы Ерасыл Сайлауов та наурыз айындағы ҰБТ-да 140 балл жинағаны хабарланған еді. Сондай-ақ Астанада 140 балл жинаған тағы бір түлекке жеке мектеп басшысы Zeekr маркалы электромобиль сыйға тартқан болатын.