01 сәу, 2026 сағат 16:19

Алматыда 14 қылмысты жасырып келген тергеуші сотталды


Фото: Polisia.kz


Алматыда бұрынғы тергеуші 14 қылмысты тіркеуден жасырып, заңсыз әрекет жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Ult.kz.


Арнайы прокурорлардың тергеуі бойынша, Наурызбай ауданы полиция басқармасының бұрынғы қызметкері қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәлімет қолында болғанына қарамастан, оларды тіркеуден қасақана жасырып келген. Бұл әрекет Қылмыстық кодекстің 433-бабының 2-бөлігі «Ауыр қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру» бойынша қаралды.


«Жүргізілген кешенді тергеу әрекеттері айыпталушының құқыққа қарсы әрекетін толық дәлелдеді», – деп хабарлады Алматы прокуратурасы.



Сот үкімі бойынша бұрынғы тергеуші кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте 3 жылға қызмет атқаруға тыйым салынды және 2 жылға бас бостандығы шектелді. Сонымен қатар ол «полиция лейтенанты» арнаулы атағынан айырылды.