01 сәу, 2026 сағат 17:59

Қырымда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 29 адам қаза тапты

Фото: ашық дереккөз

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Ан-26 ұшағымен байланыс кешкі уақытта жоспарлы ұшу кезінде үзілген. Кейін оның құлаған жері таулы аймақтан табылған.

Ұшақ бортында болған 6 экипаж мүшесі мен 23 жолаушы түгел қаза тапты. Алдын ала дерек бойынша, апатқа техникалық ақау себеп болған. Ведомство ұшаққа сырттан соққы жасалмағанын мәлімдеді.

Оқиға орнындағы дереккөздің айтуынша, ұшақ жартасқа соғылған.