12 шіл, 2021 сағат 13:57

Кеңес заманында әрбір жетінші сотталушы жазасын Қазақстанда өтеген

Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басқарма бастығы Бибігүл Мұңайтпасова тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында саладағы жағдай қандай болғанын еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеңес одағындағы мәжбүрлі көші-қонға, қуғын-сүргін саясатына, тың жерлерді игерудегі тарихи оқиғаларға байланысты Қазақстан еңбекпен түзеу колонияларының шоғырланған орнына айналды. Әрбір жетінші сотталған жазасын біздің елде өтеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тұтқындардың жан басына шаққандағы саны бойынша әлемде АҚШ пен Ресейден кейін үшінші орында тұрдық», - деді Бибігүл Мұғайтпасова ведомствоның ақпарат алаңында өткен онлайн брифингіде. 

Ол, сондай-ақ, тоқсаныншы жылдардың басында елдегі сотталушыларды қажетті жағдайда ұстап тұрудың өзі үлкен проблема болғанын еске салды.

«Түзеу мекемелерінде адам сананың шамадан тыс көп болуы, сотталғандарды жасақтарға ұстау, гигиеналық жағдайлардың төмендігі, жұқпалы аурулар мен өлім-жітімнің жоғары болуы – бұл тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында шешуге тура келген негізгі проблемалар болды. Сондықтан қысқа мерзім ішінде пенитенциярлық жүйедегі маңызды құқықтық және құрылымдық реформалар жүргізіліп, ұлттық заңнама жетілдірілді. Соның арқасында бас бостандығынан айыру орындарындарындағы адамдар саны азайып, әлем бойынша 3 орыннан 99 орынға түсті», - деді комитеттің басқарма бастығы.