Қаржылық мониторинг агенттігі өз қатарында заңсыз ойын бизнесіне қорғаншылық жасаудың екі дерегін анықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қаржылық мониторинг агенттігі өз қатарындағы бұзушылықтармен тұрақты түрде күрес жүргізіп, мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін кез келген әрекеттің жолын кеседі.
Агенттіктің жеке қауіпсіздік департаменті маусым айында қылмыскерлердің заңға қайшы әрекетіне қызметкерлердің көмек көрсетуінің екі дерегін анықтады.
Жедел-тергеу шараларын жүргізу барысында заңсыз ойын бизнесіне қамқорлық жасағаны үшін Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменттің жедел уәкілі ұсталды.
Осыған ұқсас дерек Ақтөбе облысында анықталды, мұнда ЭТД тергеушісі қамқоршылықтан басқа, ақшалай сыйақы алған.
Күдіктілер 2 айға қамауға алынды.
Өзге мәлімет тергеу мүддесіне орай жариялануға жатпайды.
«Құрметті азаматтар! Егер Сізге осындай фактілер белгілі болса, Агенттіктің сенім телефоны арқылы: +7 (7172) 708-478 немесе әлеуметтік желілердегі аккаунттар арқылы хабарлауды сұраймыз» деп ескертеді агенттік.