Алматыда жезөкшелер қызмет көрсеткен үш массаж салоны анықталып, жойылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Полиция департаментінің мәліметі бойынша, олар Бостандық және Медеу аудандарында орналасқан.
Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатовтың айтуынша, интим-салондар коттедждерде орналасқан және оған келушілер саунаға, спа-орталықтарына бара алады.
«Үш нысанда жезөкшелікпен айналысқан 20 әйел және үш әкімші ұсталды. Салон жұмысшыларының екеуі Өзбекстан және Ресей Федерациясының тумасы, тағы біреуі – Қырғызстан Республикасының азаматы. Олар қалалық Полиция департаментіне жеткізілді. Жезөкшелік пен оны ұйымдастыруға орын берген ғимарат иелеріне де шара қолданылды», - деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.