Алматыда жанармай құю бекетінде белгісіз біреу ер адамды ұрып тастады. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Соққыға жығылып, бет-аузы қанға боялған ер адамның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.
Бейнежазба авторының айтуынша, оқиға 6 шілде кешкі сағат 20:00 кезінде Б. Момышұлы көшесімен Рысқұлов даңғылына жетпей, Роял Петрол жанармай бекетінде болған.
Екі жігіт кезекті ұзақ күттіріп қойған жүргізушіні соққыға жығып, көлігіне отырып кетіп қалған.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 293-бабы бойынша тіркелгенін мәлім етті.
«33 жастағы ер адамды ұрды деген күдікпен 2001 жылы туған Ш. есімді азамат ұсталды. Жәбірленушіге алған дене жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижиесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады полициядан.