03 шіл, 2021 сағат 18:20

Алматыда ұрланған телефондардың IMEI кодын бұзған программист ұсталды


Алматыда ұрланған телефондардың IMEI кодын бұзған программист ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Криминалдық полицияның мәліметінше, 27 жастағы М. есімді азамат заңсыз іс-әрекетін қаланың Түрксіб ауданында орналасқан өз үйінде жасаған. 

«Күдіктінің тұрғылықты жерін рұқсат етілген тінту кезінде 42 қолданылған ұялы телефон, ноутбук, екі планшет және бір жеке компьютер табылып тәркіленді. Олардың көмегімен күдікті абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодтарын (ИМЕЙ) өзгертген. Сонымен қатар, күдіктінің өзінің қылмыстық мақсатын жүзеге асыру үшін арнайы компьютерлік бағдарламаны қолданған», – дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Ұсталған адамның іс-әрекеті ҚР ҚК 213-бабына сәйкес квалификацияланған. 

Тәркіленген цифрлық құрылғылардың иелерін анықтау үшін жедел іс-шаралар қабылдануда.