10 шіл, 2021 сағат 14:14

Алматыда мешіт күзетшісі 18 жастағы жігітті зорлады


Алматының Бостандық ауданында орналасқан Нұр-Мүбарак мешітінің күзетшісі 18 жастағы жігітті зорлады деген күдікке ілінді. Оны қалалық полиция ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы танымал адвокат Айман Умарова Facebook-тегі парақшасында жазды

"Мен Бостандық ауданының полиция басқармасында жүрмін. Біз есеңгіреп қалдық. Мұнда күзетші жыныстық зорлық көрсеткен бозбала мен оның анасы келді. Жігіт 18 жаста, оның дамуында сәл-сәл кідіріс бар, алайда ол қабілетті және не болғанын бүге-шігесіне дейін айтып берді", - дейді Омарова.

Жас жігіттің айтуынша, "күзетші оны мешіттегі бөлмесіне апарып, қол-аяғын байлап, ұзақ уақыт бойы ұстап, азғындық әрекетке барған. Ол мұны бірнеше рет жасаған", деді Омарова.

Ал, полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт бойынша арыз 8 шілде күні Бостандық аудандық полиция бөліміне түсті. 

«Іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы (жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық) бойынша тіркелді, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Күдікті 1975 жылы туған К. есімді азамат қазір полиция бөлімінде. Профилактикалық шараны таңдау мәселесі шешілуде», - деп хабарлады полициядан. 

Полиция депаратаменті атап өткендей, өндіріс аясында қажетті тергеу жедел іс-шаралар кешенін өткізу жоспарланып отыр. «Тергеу амалдары толық, жан-жақты және объективтілік қағидаттарына сәйкес жүргізіледі», дейді полиция қызметі.