07 шіл, 2021 сағат 15:54

Алматы облысында кәмелетке толмағандарды саудалаған әйел сотталды


Алматы облысында кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқан әйел сотталды. Мұндай фактіні Алматы облысы прокуратурасының қызметкерлері анықтаған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кәмелетке толмағандар ісі бойынша Алматы облысының №2 ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен К.Б. есімді азамат ҚР ҚК 135 бабы, 2 бөлігі, 2,12 тармағы кәмелетке толмағандарды саудаға салғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Алайда жаза өтеу мерзімі сотталушының өз балалары 14 жасқа толғанға дейін шегерілді. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бұл үкімді шығаруға Талғар аудандық прокуратурасының кәмелетке толмағандарға заңсыз қамқоршылық рәсімдеу дерегін анықтау себеп болған. Қазіргі таңда азаматша өз кінәсін мойындап, процессуалдық келісім жасады. Бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.