Ақтөбеде 150-ге жуық адам алданып, полицияға арыз түсірді. Қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ақтөбе қалалық ПБ Тергеу бөлімінің өндірісіне «Қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету» бабы бойынша іс түсіп, тергеу жүріп жатыр.
«Ақтөбе тұрғыны 2020 жылдың қаңтар айында «Golden City – 200» ЖШС қаржы пирамидасын құрып, азаматтардан ақша алды. Қаржылық пирамидаға басшылық етіп, Ақтөбе облысының азаматтарына аса ірі көлемде материалдық залал келтірді. Қазіргі таңда 150-ге жуық жәбірленуші арызданды. Қалған жәбірленушілер арыз жазу үшін Ақтөбе қаласы Сәнкібай батыр даңғылы 24 Р мекенжайындағы Ақтөбе қалалық ПБ №511 кабинетіне келулеріңіз сұралады. Байланыс телефон:8778-362-17-60», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.