12 шіл, 2021 сағат 11:25

Ақмола тұрғыны 13 жылдан бері балаларына алимент төлемей келген


Ақмолада тұрғын баласына 13 жылдан бері алимент төлемеген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz ресурсына сілтеме жасап.

Биылғы жылдың 8 шілдесінде полицияға Көкшетау қаласының 45 жастағы тұрғыны арыз берген. 

Әйел өзінің бұрынғы күйеуі 2008 жылдан бері балаларды асырауға қаражат төлемей келгенін айтты. 

Өтініш берген сәтте алимент бойынша берешек - 2 259 656 теңге болды. 

Тәртіп сақшылары Красный Яр ауылында алимент төлемей жүрген тұрғынның нақты мекенжайын анықтады. 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 139-бабының 1-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу жүргізу басталды. 

Ер адамға қатысты қолхатпен босату процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. 

Ақмола полицейлері алимент төлемейтіндерді іздеу жұмысын жалғастырып отыр. 

Бүгінгі күні Ақмола облысы бойынша іздестіру жарияланған алимент төлемеушілердің тізімінде 23 адам бар.