#
#
Сейсенбі 25/02/2020

Түркиядағы зілзаладан 19 адам көз жұмды

  • 25.01.2020
  • 0
  • 172

Түркияның шығысында болған зілзала салдарынан көз жұмғандар саны 19 адамға жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Анадолыға сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, елдің шығысында болған табиғат апатынан 19 адам көз жұмып, 900-ден астам адам жарақат алған.

Еске салсақ, бұған дейін Түркияның шығысында 6,8 балдық жер сілкінісі болып, 15 адам қаза тауып, 553 тұрғын емханаға жеткізілгені туралы хабарлаған болатынбыз.

Түркияның қоршаған ортаны қорғау және қала құрылысы министрінің айтуынша, Элязыг провинциясының Сивридж уезде 5 және Малатья провинциясындағы Доганйол ауданында 25 ғимарат құлаған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар