04 мам, 2024 сағат 18:51

Су тасқынынан қанша мектеп зардап шекті

Фото: Sputnik / Стрингер

Оқу-ағарту министрлігі елімізде су тасқыны салдарынан қанша мектеп пен балабақшаның зардап шеккенін жария етті деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат" ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, республика бойынша су тасқыны салдарынан 26 орта және орта-техникалық білім беру ұйымы зардап шекті.

Бүгінде оның 11-і штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Зардап шеккен 26 ұйымның қатарында 1 балабақша, 1 колледж жатақханасы бар. Ал қалғандары – мектеп. 

Бұған дейін Атырау, Ақтөбе облыстарында барлық білім алушылар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында – ТЖ жарияланған елді мекендерде мектептерде ағымдағы және аралық бақылау тоқтатылғанын жазған едік.  Яғни тоқсандық баға қорытынды баға ретінде шығарылады.