Фото:ТЖМ
ҚР Төтенше Жағдайлар Министрлігінің ресми өкілі Асқар Шәріп Республика бойынша су тасқыны жағдайы қандай екенін баяндады деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
"Атырау облысының Құлсары қаласында, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан аумақтардан су сору жұмыстары тәулік бойы жалғастырылуда. Өзендердегі су деңгейіне мониторнинг жүргізілуде. Өткен тәулікте Құлсары қаласында 192 766 текше метр су сорылды. Бүгін 6 сағатта 75 үйден су бұрылып, су сорылды. Өткен тәулікте Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында 91 180 текше метр су сорылды. Жалпы соңғы 5 күнде су басқан 907 үй мен 134 аула аумағынан су сорылды", -деп мәлімдеді Асқар Шәріп.
Республика бойынша 8 453 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 48 998 адам өз үйлеріне оралды. Апаттық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 14 374 адам, 1 436 техника, 310 су сору құралы және 69 жүзу құралы, 5 әуе кемесі жұмылдырылды.