Фото:ТЖМ
ҚР Төтенше Жағдайлар Министрлігінің мәліметтері бойынша Атырау облысының Құлсары қаласында, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан аумақтардан су сору жұмыстары тәулік бойы жалғастырылуда. Өзендердегі су деңгейіне мониторнинг жүргізілуде деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
Республика бойынша 8 767 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 49 819 адам өз үйлеріне оралды.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 14 078 адам, 1 348 техника, 290 су сору құралы және 70 жүзу құралы,
7 әуе кемесі жұмылдырылды.
20 өңірде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді.