06 мам, 2024 сағат 11:45

Қазгидромет 6-7 мамырға қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады


Фото: inform.kz

2024 жылғы  6-7 мамыр аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат" Қазгидрометтің баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлованың сөзіне сілтеме жасап.


Маманның ескертуі бойынша, қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.


"Сондай-ақ, ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен тұрақсыз ауа-райы сақталады, найзағаймен жаңбыр жауады, түнде елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жаңбыр жауады. Тек солтүстікте, елдің орталығында жауын-шашынсыз ауа-райы. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – дауыл, оңтүстік-шығыста – бұршақ, солтүстік-батыста, оңтүстікте, орталықта – тұман", -деп отыр Алина Ысмағұлова.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қостанай облысында 1-6 градус үсік сақталады, Ақтөбе облысының солтүстігінде сақталады, Павлодар, Қарағанды облыстарының батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының шығысында, орталығында, Қызылорда облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.