04 мам, 2024 сағат 19:02

ШҚО-да су тасқынының екінші толқыны басталды - ТЖД

Фото:baq.kz

Орта таулы аймақта және таулардың оңтүстік беткейлерінде қар жамылғысының еруіне байланысты облыста су тасқынының екінші толқыны басталды. Бұл туралы Астанада өткен брифингте Шығыс Қазақстан Облысы Төтенше Жағдайлар Депортаменті төтенше жағдайдың алдын алу басқармасының бас маманы Дина Бексұлтанова мәлімдеді деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

"Бүгін қаржамылғысының ауданы облыстың 19 % құрайды. Барлық гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеуде. Су тасқыны жағдайын уақытылы бағалау үшін тұрақты түрде аэровизуалдық тексерулер жүргізіледі. Мобильді топтар күн сайын тәулік бойы мониторинг жүргізеді. Алдын алу іс-шараларының жоспарына сәйкес жағалауды нығайту және өзендердің түбін тереңдету, бөгеттер салу, қапшықтар төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдар арналарды, арықтар мен көпірлерді тазарту бойынша жоспарланған жұмыстарды толық көлемде аяқтады", -деді Дина Бексұлтанова.

Сонымен қатар маманның сөзінше, облыста жедел штаб жұмыс істеуде, барлық қызметтердің жұмысы үйлестірілуде.

"Күштер мен құралдар әзірлікке келтірілді. Жергілікті су басу жағдайлары бойынша суды сору және қапшықтарды төсеу бойынша шұғыл шаралар қабылданды", -деп отыр маман.