#
#
Дүйсенбі 21/10/2019

ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды

  • 07.10.2019
  • 0
  • 350

ҚР Премьер-Министрінің Өкімімен Асқар Серікжанұлы Жәкенов ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. 

Асқар Жәкенов 1975 жылы 13 қыркүйекте Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және «Қайнар» университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Қарағанды қаласындағы «Каргормаш-ИТЭКС» ЖТАҚ-ында бастады. 1999 жылы ҚР Әділет министрлігіне жұмысқа қабылданды, онда жетекші маманнан бастап басқарма басшысына дейін қызмет етті. 

2004 жылғы наурыздан бастап 2012 жылғы ақпанған дейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып еңбек етті. 

2012 жылдың ақпан айынан 2013 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2013 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар