20 ақп, 2018 сағат 16:44

ҚХА басшысы ауысты

Мемлекет басшысының Өкімімен Леонид Андреевич Прокопенко Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметтеріне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен бірге, Президенттің Өкімімен Дархан Қамзабекұлы Мыңбай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметтерінен босатылды.