#
#
Cәрсенбі 08/04/2020

19 жастағы америкалық Пентагон маңындағы көлікті жармақ болған

  • 26.02.2020
  • 0
  • 150

Ер адамға Пентагон маңында тұрған автокөлікті жармақ болды деген айып тағылып, федералдық сот алдында жауапқа тартылды, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Пентагон тұрағындағы автокөлікке өрт қоймақ болған Арканзас штатының 19 жастағы тұрғыны Мэтью Дмитри Ричардсонды дүйсенбі күні Пентагон полицейлері ұстады.

Сот құжаттарындағы дерек бойынша, полиция офицері жасөспірімнің көліктің бензин багына матаның бір бөлігін салып, оны тұтатпақ болғанын байқаған. Жарылыс болған жоқ.

Ричардсон офицерге «көлікті жарғысы келетінін» жеткізген. Офицер оны тұтқындамақ болған кезде ол Арлингтон ұлттық зиратының қоршауынан асып түсіп, қашып кеткен. Бір сағат өткеннен кейін оны Пентагон қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері қолға түсірді.

Күдіктіге арам пиғылмен автокөлікке от қойып, жойып жібермек болды деген айып тағылды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар